Пәкістаннан Арменияға Таулы Қарабах шақыруы
Пәкістан Сыртқы істер министрі Таулы Қарабах мәселесінде Арменияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларына бағынуға шақырды.
Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курейши Арменияға Таулы Қарабахтан әскерлерін шегуі және БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қарарларына бағынуға шақырды.
Радио Пәкістанның хабарына қарағанда БҰҰ Бас ассамблеясы аясында қатысқан Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) байланыс тобы жиналысында баяндама жасаған Курейши Таулы Қарабах мәселесінің Кашмир мәселесі сияқты аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіргенін атап көрсетті.
Арменияның Таулы Қарабахтағы басқыншылығы мен әскери болмысы себепті 1994 жылдан бері 1 миллион адамның босқынға айналғанын еске салған Курейши «Пәкістан мемлекеті Арменияның аймақтың жағрафиялық, демографиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құрылымын өзгертуге бағытталған қадамдарына қарсы. Армения Әзірбайжан Республикасының шекара тұтастығы мен егемендігін құрметтеуге тиісті. Армения армиясы Таулы Қарабахтан шегініп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларына бағыну керек» деді.
Курейши БҰҰ Бас ассамблеясында осы мәселені шегуге шақырды.