Талибан Ауғанстанда НАТО әскерлеріне шабуылдады

Шабуылда бір бала қаза тапты, жазықсыз бір адам жарақат алды.

1273350
Талибан Ауғанстанда НАТО әскерлеріне шабуылдады

Ауғанстанның Логар уәлаятында НАТО керуеніне бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда бір бала қаза тапты.

Логар губернаторы Мұхаммед Энвер Исхакзей баспасөзге жасаған мәлімдемеде Пули Әлем қаласында НАТО керуеніне бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын атап көрсетті.

Аймақта шабуылдың салдарынан бір баланың қаза тапқанын білдірген Исхакзей жазықсыз бір адамның да жарақат алғанын мәлімдеді.

Исхакзей шабуылда НАТО әскерлеріне зиян келмегенін және шабуылды Талибанның мойындағанын жеткізді. Талибан болса 8 АҚШ әскерінің өлтірілгенін алға тартты.

НАТО-дан тақырыппен байланысты мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар