Еркін Сирия армиясымен қақтығысты

YPG/PKK Сирияда кейбір аудандарға басып кіруге тырысты.

1270788
Еркін Сирия армиясымен қақтығысты

Сирияның солтүстігінде Тель-Рифат ауданынан Азез ауданына енуге әрекеттенген сепаратистік террористік ұйым YPG / PKK мен Еркін Сирия армиясы арасында ауыр қарулар қолданылған қақтығыстар болды.

YPG/PKK Сирияда Азездің оңтүстігінде Кафар Кашир, батысында Маликие батыс майдан желісіне басып кіруге тырысты.

Өзі орналасқан Тель-Рифат аймағынан ауыр қарулармен шабуыл жасаған YPG/PKK Еркін Сирия армиясымен қақтығысты.

Еркін Сирия армиясы террористік ұйымның әрекетіне тосқауыл қойды.

«Зәйтүн бұтағы» операциясының нәтижесінде Африннен шығарылған YPG/PKK Тель-Рифат аймағында жаулап алуын жалғастыруда. Террористік ұйым Еркін Сирия армиясының бақылауындағы елді мекендерді жиі нысанаға алады.



Ұқсас жаңалықтар