Трампты Пхеньянға шақырды

Ким Чен Ын АҚШ  президентін Пхеньянға шақырды.

1270270
Трампты Пхеньянға шақырды

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ  президенті Дональд Трампты Пхеньянға шақырды.

«Joongang Ilbo» газеті дипломатиялық дереккөздерге сүйене отырып, Ким Чен Ынның Трамппен тағы бір саммитте кездескісі келетінін және АҚШ президентін Пхеньянға шақырғанын жазды.

Хабарда Кимнің шақыруының АҚШ тарапына тамыз айында жеткізілгені жазылған.

Ким Чен Ынның хатына Трамптың «бұл биыл болуы мүмкін» деп жауап бергені айтылды.

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары Чо Сон Хуи АҚШ-пен ауқымды келіссөздер жүргізгісі келетіндерін, бірақ АҚШ-тың тың көзқараспен келуі керек екенін білдірді.

Көшбасшылар Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық бағдарламасы туралы келіссөздер жүргізу үшін 2018 жылдың маусымындағы Сингапур саммитінен бері үш рет кездесті. Егер Трамп Пхеньянға баратын болса, ол Солтүстік Корея астанасына барған АҚШ-тың алғашқы президенті болады.

Екі лидер 2019 жылдың маусымында Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның демилитаризацияланған аймағында кездесті. Ақпан айында Вьетнамда өткен екінші саммиттен кейін келіссөздер тоқтап қалды.



Ұқсас жаңалықтар