Трамп Модимен кездеседі

Ақ үйдің хабарлауынша Трамп жексенбі күні Модимен кездесуге Хьюстонға барады.

1269981
Трамп Модимен кездеседі

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональд Трамп пен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін іс-шарада кездеседі.

Ақ үйдің хабарлауынша Трамп жексенбі күні Модимен кездесуге Хьюстонға барады.

Мәлімдемеде «Трамп Америка Құрама Штаттары мен Үндістан арасындағы маңызды ынтымақтастыққа тағы бір мәрте назар аударады» делінген.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қатынастар Кашмир проблемасына байланысты шиеленісіп жатқанда, Трамп-Моди кездесуін Жаңа Дели де, Исламабад та үлкен ықыласпен қадағалайды.

Ақ үй Трамптың Модимен кездескеннен кейін Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонмен кездесу үшін Огайоға баратынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар