"Тергеу комиссиясын" құруға шақырды

Пәкістан министрі Джамму Кашмирдегі жағдайға байланысты брифинг берді.

"Тергеу комиссиясын" құруға шақырды

Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмут Курейши арнайы мәртебесі жойылған және түрлі шектемелерге душар болған Джамму Кашмирдегі гуманитарлық дағдарыстың арта түскенін білдірді.  Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары кеңесін «тергеу комиссиясы» құрылу үшін қозғалысқа өтуге шақырды.

БҰҰ Женева кеңсесінде дүйсенбі күні басталған Адам құқықтары кеңесінің 42-ші сессиясы үшін Швейцарияға барған министрі Курейши сапарының соңғы күні халықаралық баспасөз органдарының Женевадағы өкілдерімен бас қосты.

Курейши баспасөз өкілдерінен Кашмир халқының қиыншылықтарын әлемге жеткізуін сұрады, Кашмирге барғысы келетін журналистерге де қауіпсіздік үшін кепілдік берді.

Кашмирде гуманитарлық дағдарыстың арта түскенін білдірген Пәкістан министрі БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссары Бахелеттің де ұсынысы шеңберінде Кашмирдегі адам құқықтары бұзушылықтарына орай тергеу комиссиясы құрылуы керектігін атап көрсетті.

Курейши Кашмир проблемасының шешілуі үшін үшінші бір тараптың бітімгерлігіне де жылы қарайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар