Польшаға ұшақ сатады

6,5 миллиард долларлық 32 дана F-35А типті әскери ұшақтың Польшаға сатылуын бекітті.

Польшаға ұшақ сатады

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі 6,5 миллиард долларлық 32 дана F-35А типті әскери ұшақтың Польшаға сатылуын бекітті.

АҚШ Қорғаныс, Қауіпсіздік ынтымақтастығы агенттігінің хаюарламасында, саудада конвенциалды ұшу-көтерілу қабілеті бар 32 дана F-35А типті ұшақпен қоса 33 дана F-135 қосымша мотор мен ұшақтың электрондық әскери жүйелері секілді көптеген жабдықтың да қамтылғаны білдірілді.

Хабарламада айырықша «Бұл сауда Польшаға аймақтағы агрессиялық қозғалыстарға кедергі болу тақырыбында сенімді қорғаныс қабілетін береді және АҚШ күштерімен бірге жұмыстануын қамдайды» деп айтылды.

Польша Ресейде өндірілген Миг-29 және Су-22 ұшақтарынан тұратын флотын жаңалау істерінің бір бөлшегі ретінде F-35 алуға байланысты ұсынысын Америка Құрама Штаттарына мамыр айында ұсынған болатын.

Варшава әкімшілігінің елдің әскери модернизациясы шеңберінде 2026 жылға дейін 47 миллиард долларлық әскери қаражат жұмсауы күтілуде.

Америка Құрама Штаттарынан 2017 жылы 10,5 миллиард долларлық Патриот әуе қорғаныс жүйесін алған Польша соңғы кезде HMARS зымыран жүйелері, stand off зымырандарын және 2 миллиард долларлық әскери жабдық алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар