Көліктерде темекі тартуға тыйым салынады

Ішінде балалар мен жүкті әйелдер бар көліктерде темекіге тыйым салынады.

Көліктерде темекі тартуға тыйым салынады

Германияда солтүстік Рейн-Вестфалия және Төменгі Саксония штаттары ішінде балалар мен жүкті әйелдер бар көліктерде темекіге тыйым салу үшін бастама көтерді.

Төменгі Саксония штатының Денсаулық сақтау министрі Карола Рейнмэн Ганновер қаласындағы мәлімдемесінде көліктерде темекіге тыйым келтірілуі тақырыбында инициатива көтергендерін айтып: «Балалар мен жүкті әйелдер бар көліктерде темекі тартуға тыйым салынуы керек» деді.

Министр осы бағытта заң шығаруды талап ететіндерін айтты.

Солтүстік Рейн-Вестфалия штатының Денсаулық сақтау министрі Карл-Джосеф Лауман де балалар мен жүкті әйелдер барда темекі тартудың жауапкершіліксіз әрекет екенін айтып, мемлекеттің оларды қорғауы керектігін білдірді.

Осы тақырыптағы заң жобасы 20 қыркүйек күні Федералдық штаттар өкілдер мәжісілісіне ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар