Сауд Арабиясы Ислам Ынтымақтастық Ұйымын кезектен тыс жиналысқа шақырды

Сауд Арабиясы Нетаньяхудың "Иордания алқабын аннекцилау" жоспарын қатаң түрде айыптады.

Сауд Арабиясы Ислам Ынтымақтастық Ұйымын кезектен тыс жиналысқа шақырды

Сауд Арабиясы Ислам ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Израиль басқыншылығындағы Батыс Шерияда орналасқан Иордания алқабының АҚШ-тың қолдауымен «аннекцияланатыны»  жөніндегі мәлімдемесі күн тәртібімен кезектен тыс жиналысқа шақырды.

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі SPA-ның хабарына қарағанда Сауд Арабиясынан жасалған мәлімдемеде Нетаньяхудың мәлімдемесінің қатаң түрде айыпталғаны білдірілді.

Израиль жасаған мәлімдеменің толығымен өтімсіз екені, Палестина халқына үлкен қауіп төндіргені, БҰҰ қарарлары, халықаралық құқық ережелері және нормаларының ашық түрде тапталғаны деген мағынаға келгені мәлімденді.

Нетаньяхудың аталмыш мәлімдемесінің тұрақты және әділ бір бейбітшілік үшін жұмсалған барлық талпыныстарды босқа шығарғаны, Израильдің заңсыз қадамдарының Палестина халқының тұрақты және сақтаулы құқығын жоятыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар