11 қыркүйек лаңкестігі болған күні жарылыс

Кабулда АҚШ елшілігі маңында жарылыс болды.

11 қыркүйек лаңкестігі болған күні жарылыс

Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы өкілетті елшілігі маңында 11 қыркүйек оқиғасының жылдығында жарылыс болды.

Бас қала Кабулдағы жарылыс салдарынан аспанды тұман қаптады.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың Ауғанстандағы соғысты аяқтау мақсатымен Талибанмен жүргізілген бейбітшілік келіссөзін тоқтатып, «кездесулер өлді» дегеннен кейінгі осы үлкен шабуыл 11 қыркүйек лаңкестігінің жылдығында болды.

Соңғы рет өткен аптадағы екі шабуылда бір АҚШ әскері мен екі НАТО қызметкері және көптеген азамат қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар