Женевада Кашмир акциясы өтті

Акцияға халықаралық адам құқықтарын қорғаушылар қатысты.

Женевада Кашмир акциясы өтті

Үндістанның бақылауындағы Джамму Кашмир уәлаятындағы шектеулер мен адам құқықтарын бұзушылықтарды Женевада протест етті.

БҰҰ Женева кеңсесі алдында азаматтарға бағытталған қарулы күш қолдануға қарсы күресті бейнелейтін «Сынық орындық» мүсінінің алдындағы акцияға халықаралық адам құқықтарын қорғаушылар қатысты.

Акцияның ұйымдастырушыларының бірі Кашмир Халықаралық қатынастар институты төрағасы Алтаф Хүсейін Вани БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссары Мишель Бахелетке шақыру тастап,  Кашмирде 35 күннен бергі шектеулер, көшеге шығуға тыйым және басқа да адам құқықтарын бұзушылықтарға байланысты тергеу комиссиясы құрылуына басшылық жасауын сұрады.

Вани Кашмирдің 72 жылдан бері Үндістанның басқыншылығы астында екенін еске салды.  Енді бірнеше аптадан бері Кашмирде байланыстың үзілгенін және аймақтың әлеммен қатынасының жоқтығын айтты.

«Үндістанның Кашмирде жүз мыңдаған әскері бар. Кашмир халқының сыртқа шығуына рұқсат бермей отыр» деді ол.

Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің де резолюция қабылдап,  Кашмир халқының өз болашағын анықтауына басшылық жасауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар