Трамп FIFA басшысын қабылдады

Дональд Трамп FIFA басшысы Джанни Инфантиноны Ақ Үйде қабылдады.

1266448
Трамп FIFA басшысын қабылдады
2019-09-09T194133Z_808803049_RC1ADF6BEA90_RTRMADP_3_USA-TRUMP.JPG
2019-09-09T194129Z_397357793_RC173C12A420_RTRMADP_3_USA-TRUMP.JPG

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп FIFA басшысы Джанни Инфантиноны Ақ Үйде қабылдады.

Кездесуде Америка Құрама Штаттары,  Канада және Мексикада өтетін 2026 Әлем кубогы және әйелдер кубогы тақырыптары қаралды. Дональд Трамп Әлем кубогының Америкада ұйымдастырылатынына қуанышты екенін айтты. Трамп әйелдер футболының дамуы үшін де жұмыстардың арттырылуы керектігін білдірді.  

FIFA басшысы Джанни Инфантино да 2026 Әлем кубогының тарихтағы ең ірі организация болатынын тілге тиек етті.

«Организацияны телеарналардан 4 миллиардтан астам адамның тамашалауын күтеміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар