Террор ұйымы Маре ауданына шабуылдады

YPG/PKK террор ұйымы Сирияның Маре ауданына басып кіруге әрекет жасады.

Террор ұйымы Маре ауданына шабуылдады

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның Сирияның Тель-Рыфат аймағының батысындағы Маре ауданына басып кіруге әрекет жасады. Оқиғаның артынан террор ұйымы мен Тәуелсіз Сирия армиясы арасында қақтығыс шықты.

YPG/PKK кеше түнгі уақытта Килис қаласына шекаралас Әзездің оңтүстігіндегі Маре ауданына шабуылдады.

Басып алған Тель-Рыфат аймағынан шабуылдаған ұйым Тәуелсіз Сирия армиясы жасақтарымен Маренің оңтүстік батысындағы Шейх Иса және оңтүстігіндегі Харбил аймағында қақтығысты. Тәуелсіз Сирия армиясы террор ұйымының басып кіру әрекетін тойтарды, екі әскер жарақат алды.

Зәйтүн бұтағы операциясы нәтижесінде Африннен тазаланған террор ұйымы YPG/PKK ауданның оңтүстік шығысындағы Тель-Рыфат аймағында басқыншылығын жалғастыруда. Террор ұйымы сол аймақтан Тәуелсіз Сирия армиясының тұрғын аймақтарын жиі нысанаға алуда.



Ұқсас жаңалықтар