Оқушы сөмкелерінен "қабірстан" жасады

ЮНИСЕФ БҰҰ ауласын оқушы сөмкелерімен қабірстанға айналдырды.

1266562
Оқушы сөмкелерінен "қабірстан" жасады

ЮНИСЕФ қыркүйек айының соңғы аптасында БҰҰ Бас ассамблея сессиялары үшін әлем басшылары бас қосатын БҰҰ Бас ғимаратының ауласын «молаға» айналдырды. ЮНИСЕФ ауланы соғыс және қақтығыстардағы балалардың өліміне назар аудару мақсатымен оқушы сөмкелерімен қабірстанға айналдырды.

Әрқайсысы өткен жылы соғыс және қақтығыстарда қаза тапқан балаларды бейнелейтін 3 мың 758 оқушы сөмкесінен тұратын «қабірстан» арқылы әлем басшыларына балаларды қорғау үшін шақыру тасталды.

ЮНИСЕФ директоры Хенриетта Х. Фор әрқашан үміттің символы болған оқушы сөмкесінің бұл жолы қабірстан болғанын және осылайша соғыс және қақтығыстарда өлген балаларға назар аударуды мақсат еткендерін білдірді.

БҰҰ деректеріне қарағанда өткен жылы соғыс пен қақтығыс болған аймақтарда 12 мың бала қаза тапты, жарақат алды және мүгедек болып қалды.



Ұқсас жаңалықтар