Дориан дауылы үлкен шығынға жол ашты

Дауыл АҚШ-қа қарай жылжуда.

1263439
Дориан дауылы үлкен шығынға жол ашты
dorian kasirgasi1.jpg

Атлант мұхитындағы Багам аралдарына соққы енгізген Дориан дауылы үлкен шығынға жол ашты.

Багам аралдарында іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатып,  қаза тапқан адам саны жетіге жетті. Бірақ бұл сан артуы мүмкін.

Бағам аралдарының премьер-министрі Хуберт Миннис болса Марш порты төңірегіндегі ғимараттардың 60 пайызына зиян тигенін білдірді.

Дориан дауылы қазірге дейін аймақта кездескен ең сұрапыл дауыл ретінде тарихта қалады.

Дауыл енді Америка Құрама Штаттарының шығыс жағасындағы Флорида,  Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарына қарай жылжуда.

Америка Құрама Штаттары Ұлттық дауыл орталығы күші азайса да Дориан дауылының әлі де қауіпті екенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар