Еркін Сирия армиясына шабуылдады

Түрік Қарулы күштерінің гаубицалары да YPG/PKK террор ұйымының бекіністерін атқылады.

1260720
Еркін Сирия армиясына шабуылдады

Сирияның Тель Рыфат аймағында шоғырланған YPG/PKK террор ұйымы кеше түнде Баб,  Азез және Афринге бір уақытта шабуыл жасады.

YPG/PKK террор ұйымы Бабтың батысында Еркін Сирия армиясының бақылауындағы Диклабаш ауылына басып кіруге тырысты. Террор ұйымы бір уақытта Азездің оңтүстігіндегі Кефер Каршын аймағынан да Еркін Сирия армиясына шабуылдады.  Еркін Сирия армиясы осы шабуылға тойтарыс берді.

Кеше түнде террор ұйымы Африннің оңтүстігіндегі Кимар аймағына да шабуылдады.

Түрік Қарулы күштерінің гаубицалары да YPG/PKK террор ұйымының бекіністерін атқылады.



Ұқсас жаңалықтар