Көшеде өмір сүретіндер саны екі есе артты

Елде заңсыз тұратындар бұл санаққа енбеді.

Көшеде өмір сүретіндер саны екі есе артты

Голландияда көшеде өмір сүретін адамдардың саны он жылда екі есе артты.

Голландия Статистика кеңсесінің зерттеуінде елде 18 және 65 жас аралығындағы көшеде өмір сүретін адам санының 2009 жылы 17 мың 800 екені айтылды. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 39 мың 300-ге жетті.

Зерттеу көшеде өмір сүретіндердің 57-сінің босқын екенін,  батыстық емес босқын текті үйсіз кісілер санының үш есе артып, 6 мың 500-ден 18 мың 300-ге жеткенін көрсетті.

Осы үйсіздердің 16 пайызы әйелдерден тұрады. 18 және 30 жас арасындағы үйсіздердің саны үш есе артып, 4 мыңнан 12 мың 600-ге жеткен.

Көшеде өмір сүретін адамдардың 37 пайызы ірі қалаларда.

Елде заңсыз тұратындар бұл санаққа енбеді.



Ұқсас жаңалықтар