Идлиб тұрғындары көшіп кетіп жатыр

2018 жылдың 17 қыркүйек күнінен бері аймақта 945 мың 992 адам көшіп кетті.

Идлиб тұрғындары көшіп кетіп жатыр

Сирияда Асад әкімшілігі мен Ресейдің шабуылдарында Идлиб хаттамасына қол қойылған 2018 жылдың 17 қыркүйек күнінен бері аймақта 945 мың 992 адам көшіп кетті.

Идлиб қақтығысты баяулату аймағындағы көш үрдісін бақылайтын Сирия координациясынан алынған мәліметке қарағанда,  2 ақпан күнінен бері Башар Асад әкімшілігі мен Ресейдің шабуылдарында барлығы 11 шатыр кент,  30 азаматтық қорғаныс орталығы,  66 медициналық орын, 106 мектеп, 18 базар,  71 мешіт, 2 су стансасы, 3 электр стансасы мен 16 наубайхана бомбаланды.

Осы мерзімде 5 гуманитарлық көмек қызметкері, 10 азаматтық қорғаныс қызметкері, 11 жедел жәрдем қызметкері мен 4 медицина маманы қаза тапты.

Сирия координациясы директоры Мұхаммед Халладж Хан Шейхун ауданының толығымен босап қалғанын айтып: «Ериха, Серакиб және Марратиннуман аудандарының тұрғындарының 10 пайызы көшіп кетті. Егер осы шабуылдар арта түсетін болса,  көшіп кеткендер саны 1,5 миллионға жетуі мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар