Буркина Фасода лаңкестік

Буркина Фасоның солтүстігіндегі шабуылда 24 әскер қаза тапты.

Буркина Фасода лаңкестік

Буркина Фасоның солтүстігіндегі Сум уәлаятында болған шабуылда 24 әскер қаза тапты.

Жергілікті баспасөздің хабарларына қарағанда,  алдынғы күні түні қарулы кісілер әскери базаға шабуылдады.  Шабуылда 24 әскер қаза тапты, 7 әскер жарақат алды.

Шабуылдаушыларға қарсы әуеден және құрлықтан операция басталды.

Буркина Фасо президенті Каборе де шабуылдан кейін әскери лауазым иелерімен жиналыс өткізді.  Президент «Буркина Фасо террордың нысанасы болған аймақтарды жалғыз қалдырмайды» деді.

Террор лаңкестіктеріне байланысты елдің солтүстігі,  Сахел аймағы мен батыс және орталық аймақтарда 2019 жылдың 1 қаңтар күні төтенше жағдай жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар