Идлибте 6 адам қаза тапты

Әкімшілік пен қолдаушыларының Идлиб аудандары мен ауылдарына шабуылы жалғасып жатыр.

1255063
Идлибте 6 адам қаза тапты

Сирияда Башар Асад әкімшілігі және Ресейдің әскери ұшақтары Идлиб қақтығысты азайту аймағындағы елді мекендерге шабуылдады.  Әуе шабуылында 6 адам қаза тапты.

Әкімшілік пен қолдаушыларының Идлиб аудандары мен ауылдарына шабуылы жалғасып жатыр.

Идлиб Азаматтық қорғаныс басшысы Мұстафа Хадж Юсуф Асад әкімшілігі мен Ресейдің әуеден шабуылдарында Марратиннуманда және Хиште үш-үштен алты адамның қаза тапқанын айтты.

Оппозицияның ұшақ бақылау орталығының деректеріне қарағанда,  орыс ұшақтары да Идлибтің Марратиннуман ауданы мен Хиш ауылына шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар