Суданда Атазаң хаттама келісіміне қол қойылды

Қол рәсіміне Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ қатысты.

Суданда Атазаң хаттама келісіміне қол қойылды

Суданда авторитарлық режим   дағдарысын доғарған және Уақытша азаматтық әкімшіліктің реттеулерін қамтыған Атазаң хаттама келісіміне қол қойылды.

Қол рәсіміне Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ қатысты.

Министр Чавушоғлұ «Президентіміздің және Түркияның жолдамаларын жеткіздік. Осы таңға дейін болғандай кейін де Түркияның Суданға қолдауының жалғасатынын айттық. Алла бұйырса түбегейлі бейбітшілік орнатылады. Бауырлас Суданның тұрақтылығы біз үшін өте маңызды және барлық Африка үшін де солай» деді.

Келісім бойынша Әскери уақытша азаматтық кеңесі күшінен қалып, оның орнына Президенттік кеңесі құрылады. Уақытша кезең 3 жыл  3 ай жалғасады.

Осы процестен кейін сайлау болады. Одан кейін әкімшілік түбегейлі түрде жай халықтың қолына өтеді.

АҚШ әкімшілігі де Суданда сәуірден осы таңға дейін авторитарлық режим  дағдарысын ресми түрде доғарған келісімге орай тараптарды құттықтады.


Этикеттер: АҚШ , келісім , Атазаң , Судан

Ұқсас жаңалықтар