Испанияда ереуіл

Испанияда теміржол жұмысшыларының ереуілі басталды.

1245531
Испанияда ереуіл

Испанияда теміржол жұмысшыларының Жалпы еңбек конфедерациясының шақыруымен ереуілі басталды.  Ел көлемінде 700 пойыз рейсі тоқтап қалды.

Испанияда конфедерация мемлекеттік теміржол компаниясын қызметкер жетіспеушілігі, айлықтың аздығына байланысты сынауда. Компанияда құрылымдық өзгеріс талап еткен Жалпы Еңбек конфедерациясы ел көлемінде ереуіл бастады.

Жұмысшылар жергілікті уақытпен сағат 12-16 және 20-24 арасында жұмыс істемейді. Жолаушы,  жүк және жүрдек пойыз рейстерінің 700-і тоқтап қалды.

Жазғы демалыс уақытына дөп келген ереуіл әсіресе Мадрид пен Барселона секілді ірі қалаларды аралайтын азаматтарға қиын соқты. Компания жолаушыларға 50 пайыз қызмет көрсетіп, билет ауыстыру мен билет қайтаруда қосымша ақы алынбайтынын хабарлады.

Еңбек конфедерациясы Испания Қатынас министрлігімен келісімге келе алмағандарын білдіріп, 14 және 30 тамыз бен 1 қыркүйек күндері де ереуілге шығуға шешім берді.

Басқа бір жұмысшы кәсіподағы Жұмысшылар комиссиясы да 15 шілде күні ереуіл жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар