Ресей мен Иран Ормуз бұғазында жаттығу ұйымдастырады

Ирандық қолбасшы Ресеймен жаттығу өткізу тақырыбында келіскендерін жариялады.

1244520
Ресей мен Иран Ормуз бұғазында жаттығу ұйымдастырады

Иран Теңіз Күштері қолбасшысы адмирал Хүсейин Ханзаде Ресеймен Басра шығанағы мен Ормуз бұғазында ортақ әскери жаттығу ұйымдастырылатынын білдірді.

Ресей Әскери-теңіз флоты күні рәсіміне қатысу үшін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барған Ханзаде Иран ресми хабар агенттігі IRNA-ға мәлімдеме жасады.

Иран мен Ресейдің әскери ынтымақтастық хаттамасына қол қойғанын жеткізген Ханзаде «Иран мен Ресей Теңіз күштері Үнді мұхиты, Мекран теңізі, Басра шығанағы және Ормуз бұғазында ортақ әскери жаттығу өткізеді» деді.

Ханзаде ортақ әскери жаттығудың жылдың соңына дейін жүзеге асуы мүмкін екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар