Алексей Навальный емханадан шығарылып, түрмеге қайта жолданды
Орыс оппозиция лидері Алексей Навальный дәрігердің наразылығына қарамай емханадан шығарылып, түрмеге қайта жолданды.

Орыс оппозиция лидері Алексей Навальный дәрігердің наразылығына қарамай емханадан шығарылып, түрмеге қайта жолданды.
Қыркүйек айында өтетін жергілікті сайлауда мәжіліс мүшелігіне үміткерлік үшін өтініш берген оппозиция лидерлерінің үміткерліктері қабылданбауына орай басталған протест ереуілдері жалғасып жатыр. Орыс оппозиция лидері Алексей Навальный алдымен ұсталып, артынан бір айға түрмеге жабылған болатын.
Түрмеде науқастанып емханаға апарылған Навальныйдың алергия себепті құтқару бөлімінде емделіп жатқаны білдірілген.
Оппозиция лидері емханаға апарылғаннан кейін оны көруге барған өзінің дәрігері Навальныйдың уланған болуы мүмкін деп пайымдаған болатын.
Алайда Алексей Навальный дәрігердің наразылығына қарамай емханадан шығарылып, түрмеге қайта жолданды.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тан Халықаралық сотқа санкция
Дональд Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу туралы жарлыққа қол қойды.