С. Корея жаңа қару қолданды

Мұның Оңтүстік Кореяға бағытталған «ашық ескерту» екені білдірілді.

1243036
С. Корея жаңа қару қолданды

Солтүстік Корея кеше ел басшысы Ким Чен Ын басшылығында «жаңа тактикалық қару» сынағанын хабарлады.  Мұның Оңтүстік Кореяға бағытталған «ашық ескерту» екені білдірілді.

Yonhap агенттігінің хабарына қарағанда,  Оңтүстік Корея Солтүстік Корея армиясының кеше таңертең Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықты екі зымыран лақтырғанын хабарлады.  Осыдан кейін Солтүстік Корея ресми ақпарат агенттігі елдің кеше «жаңа тактикалық қару» ұшырғанын білдірді.

Хабарда қарудың Оңтүстік Кореяға «ультра модерн шабуыл қаруларын» әкеліп,  «қайталанған ескертулерге қарамастан әскери жаттығу ұйымдастыру» тақырыбында көнбеген О. Корея армиясында «соғысқа арандатқандарға ашық ескерту» жолдаудың мақсат етілгені атап көрсетілді.

Баспасөзде Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Кореяның келесі ай әскери жаттығу жоспарлағаны орын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар