Трамп сенаторлармен Түркия тақырыбын талқылады

Ақ Үйде баспасөзге жабық өткен жиналысқа 45 сенатор қатысты.

1241208
Трамп сенаторлармен Түркия тақырыбын талқылады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Республикашыл сенаторлармен Түркия Ресейден сатып алған S-400 қорғаныс жүйесін талқылады.

Ақ Үйде баспасөзге жабық өткен жиналысқа 45 сенатор қатысты.

Жиналыста Түркияға бағытталған «Америка Құрама Штаттарының дұшпандарымен санкция арқылы күрес заңы» шеңберіндегі шаралардың талқыланғаны айтылды.

Жиналысқа байланысты Ақ Үйден мәлімдеме жасалмады.

АҚШ президенті Трамп өткен аптадағы соңғы мәлімдемесінде бұрынғы президент Барак Обама әкімшілігінің Түркияға байланысты қателерін атап көрсетіп: «Көптеген жағынан қиын жағдай.  Түркия шеңберінде бұрынғы әкімшілік үлкен қателер жіберді.  Бұл жаман нәрсе.  Сондықтан санкциялар тақырыбына көңіл аударамыз және не істей алатынымызды талқылаймыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар