О.Корея мен Ресей арасында соғыс ұшағы дағдарысы

Оңтүстік Корея әуе кеңістігін бұзған Ресейге тиесілі бір әскери ұшаққа ескерту мақсатты оқ атылғанын жариялады.

1240723
О.Корея мен Ресей арасында соғыс ұшағы дағдарысы

Йонхапта орын алған хабарға қарағанда Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінен 3 орыс соғыс ұшағының Корея әуе қорғаныс анықтау аймағына жақындағаны білдірілді.

Министрлік мәлімдемесінде осы ұшақтардың бірінің әуе қорғаныс кеңістігін бұзған соң ескерту жасалғаны білдірілді. Мәлімдемеде Қытайға тиесілі екі әскери ұшақтың да әуе қорғаныс анықтау аймағына кіргені атап көрсетілді.

Оңтүстік Кореялық бір лауазымды Ресей мен Қытайға тиесілі ұшақтардың әуе қорғаныс анықтау аймағына мақсатты немесе байқаусыз кіріп кірмегені тақырыбының әлі анықталмағанын мәлімдеді.

Ресей болса бір әскери ұшағының Оңтүстік Кореяның әуе кеңістігін бұзғаны жайлы қауесетті теріске шығарды.

Ресей Қорғаныс министрлігі «Tu-95» типі 2 соғыс ұшағының Жапон теңізінде бейтарап аймақта жоспарлы түрде ұшқанын атап көрсетті.

Орыс ұшақтарының халықаралық ережелер аясында өз бағытында ұшқаны алға тартылған мәлімдемеде «Ұшақтар халықаралық ережелерге сәйкес ұшқан кезде О.Кореяға тиесілі «F-16» соғыс ұшақтар орыс ұшақтарына кедергі жасады. Ұшақтарымызға ескерту мақсатты оқ атылмады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар