Ливия ҰКҮ күштері Хафтер күштерінің шабуылдарын тойтарды

Ұлттық Келіссөз Үкіметіне (ҰКҮ) қарасты жасақтар Хафтер күштерінің әуе шабуылын тойтарды.

Ливия ҰКҮ күштері Хафтер күштерінің шабуылдарын тойтарды

Ливияда халықаралық қоғам тарапынан танынған, жалғыз заңды әкімшілік болып қабылданған Ұлттық Келіссөз Үкіметіне (ҰКҮ) қарасты жасақтар Халифа Хафтер күштерінің бас қала Триполидің оңтүстігіне жасаған әуе шабуылын тойтарды.

Ұлттық Келіссөз Үкіметінің жалғасқан Буркан әл-Гадап операциясының мәлімдемешісі Мұстафа әл-Меджи Триполидің оңтүстігіндегі Әл-Халле, Айн Зара және Эс Себиа аймақтарына Хатер күштерінің әуе шабуылы жасағанын жеткізді.

Әуе шабуылында кейбір қорғаныс бекіністерінің бомбаланғанын атап көрсеткен Меджи аталмыш шабуылдарды ҰКҮ-нің тойтарғанын мәлімдеді.

Меджи сондай-ақ Триполидің оңтүстігіндегі Эс-Себиа аймағында Хафтер күштеріне мүше 11 сарбаздың қаруларымен ұсталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар