Түрік дипломатты шәйіт еткен шабуылға қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Эрбиль полиция дирекциясы мәлімдеме жасады.

Түрік дипломатты шәйіт еткен шабуылға қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі Эрбильде шәйіт болған түрік консулдығы қызметкеріне шабуылдың басты күдіктісі Мазлум Дағды жасырған тағы бір адамды тергеуге алғанын жариялады.

Эрбиль полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеде «Эрбильде асханаға жасалған қарулы шабуылдың басты күдіктісі ретінде кеше ұсталған Мазлум Дағдың артынан оған көмектескен Дыжияр Маменд Юсуф лақапты Мұххаммед Бисксыз да ұсталды» делінді.

Мәлімдемеде операциямен байланысты егжей-тегжейлі мағлұмат берілмеді.

Эрбильде өткен сәрсенбі күні жасалған қарулы шабуылда Түркияның Эрбильдегі түрік консулдығы қызметкері бір дипломат шәйіт болған, 2 Ирак азаматы да қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар