Пәкістандағы шабуылдарда 9 адам ажал құшты

Хайбер Пахтунхува уәлаятына жасалған екі бөлек шабуылда барлығы 30 адам жарақат алды.

Пәкістандағы шабуылдарда 9 адам ажал құшты

Пәкістанның солтүстік батысындағы Хайбер Пахтунхва уәлаятына жасалған екі бөлек шабуылда 9 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды.

Уәлаяттың Дера Исмаил Хан аймағында мотоциклді шабуылдаушылар бақылау бекетінде полицияға шабуылдады. Шабуылда 2 полиция оқиға орнында ажал құшты, кейбір полиция қызметкерлері жарақат алды.

Жарақат алған полициялар жеткізілген аурухананың кірісінде жанкешті шабуыл жасалды. Шабуылда 4 полиция мен 3 жазықсыз адамның қаза тапқаны білдірілді.

Полиция лауазымдысы Салим Рияз Хан журналисттерге жасаған мәлімдемеде шабуылдарда барлығы 9 адамның қаза тапқанын, 30 адамның жарақат алғанын білдірді.

Шабуылды Талибан ұйымы мойындады.



Ұқсас жаңалықтар