Иран Ормуз бұғазында тоқтатқан жүк кемесін еркін жіберді

Иран Алжирдің мұнай танкерін еркін жіберді.

Иран Ормуз бұғазында тоқтатқан жүк кемесін еркін жіберді

Иран Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазында тоқтатқан Алжирдің мұнай және табиғи газ өндіруші фирмасы «Sonatrach»-тың мұнай танкерін еркін жіберді.

«Sonatrach» лауазымдыларына қарағанда Иран Теңіз күзету күштері алдынғы күні кешкі уақытта фирмаға тиесілі бір танкерді бірнеше сағатқа ұстаған болатын.

Тегеран әкімшілігімен байланыс құрылған соң танкер еркін жіберілді және Сауд Арабиясындағы «Ra's Tennure» өңдеу зауытына бағыт алды.

Алжир ресми хабар агенттігі «APS»-де жарық көрген бір хабарда Иранның «Sonatrach»-тың 2 миллион баррель мұнай тасымалдау күшіне ие дәу танкерін Сауд Арабиясына бағыт алған кезде Ормуз бұғазында тоқтатқаны атап көрсетілген еді.


Этикеттер: Ормуз шығанағы

Ұқсас жаңалықтар