Ливия Франция, Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктерін Хафтерге қолдау берді деп жазғырды

Ливия үш елді Хафтерге қару және адам күшімен қолдау берді деп айыптады.

1239191
Ливия Франция, Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктерін Хафтерге қолдау берді деп жазғырды

Ливия Мемлекеттік Жоғарғы Кеңесі Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері және Францияны елдің шығысындағы қарулы лидер Харифа Хафтердің жаңа шабуылын "қару және адам байлығымен" қолдады деп жазғырды. 

Халықаралық заңдылыққа ие Ұлттық  Келісім үкіметіне қарасты Мемлекеттік Жоғарғы Кеңестен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері және Франция сияқты елдердің бірнеше күннің алдында Ливияда атысты тоқтату және диалогқа оралу шақыруының ішінде орын алуына "таңырқағандары" білдірілді.

Мәлімдемеде "Хафтер мүшелері астана Триполиға ұйымдастырған және ұйымдастыруы мүмкін шабуылдарда  Франция, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктерінің де ынтымақтастық мәртебесінде болғанына" назар аударылды.

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Италия, Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктері аптаның басында Ливияның астанасы Триполи маңында жалғасып жатқан қақтығыстардың аяқталуы үшін ортақ шақыру тастаған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар