Иран Ормуз бұғазында мұнай танкерін ұстаған

Иран Төңкеріс  қорғаушылары Ормуз бұғазында "жанармай алып қашырған" шетелдік бір танкерді ұстағандарын хабарлады.

1238497
Иран Ормуз бұғазында мұнай танкерін ұстаған

Иран Төңкеріс  қорғаушылары Ормуз бұғазында "жанармай алып қашырған" шетелдік бір танкерді ұстағандарын хабарлады.

Иран Төңкеріс  қорғаушыларының ақпарат парақшасында жарияланған мәлімдемеде жексембі күні Басра шығанағында бақылау міндетін атқарып жүрген Төңкеріс қорғаушылары Теңіз күштеріне қарасты кемелер шетелдік бір танкерді жанармай алып қашқаны себепті Ларк аралының оңтүстігінде тоқтатқаны білдірілді. 

Танкерде бір миллион литр жанармай тасымалдағаны және шетелдік 12 кісілік экипажы болғаны білдірілген мәлімдемеде батыстық ақпараттарда шыққан "Иранның тағы бір шетелдік танкерді тоқтатқаны" пайымдаулары теріске шығарылды.

Ормуз бұғазында кетіп бара жатқан Біріккен Араб Әмірліктерінің бір мұнай танкерінің сенбі күнінен бері хабарсыз кеткені білдірілген болатын.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Иранның Біріккен Араб Әмірліктерінің бір мұнай танкерін тоқтатқаны пайымдауын теріске шығарған, Иран күштерінің бұзылған бір кемені жөндеу үшін Иранның су айдынына апарғандарын білдірген.



Ұқсас жаңалықтар