Бейбітшілік үрдісі жалғасады

Эфиопия мен Эритрея басшылары жылы жолдамалар беруде.

1238879
Бейбітшілік үрдісі жалғасады

Эфиопия мен Эритрея арасында көп жалғасқан шайқастардан кейін бір жыл бұрын басталған бітім үрдісінде басшылар жылы жолдамалар беруде.

Эфиопия премьер-министрі Аби Ахметтің көршісі Эритреяға сапары әлеуметтік желіде жарияланды. Ахметтің мемлекет басшысы Исаиас Афверкимен бір көлікте жүргізуші орнында отырған суреті жарияланды.

Асмараның көшелерінде де бірге жүрген екі басшы елдің түрлі аймақтарында жалғасып жатқан жобаларды аралады.

Эритрея Информация министрі екі басшының бейбітшілік процесінің жақсы нәтижелері мен ынтымақтастықты арттыруға келіскендерін білдірді.

Эфиопия мен Эритрея өткен жылы шілде айында бейбітшілік пен достық декларациясына қол қойып,  дипломатиялық қарым-қатынастарды қайта бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар