Лаңкестік құрбандарына қажылық мүмкіндігі

Сауд Арабиясы лаңкестік құрбандарының жақындарына қажылық міндетін өтеу мүмкіндігін береді.

1237093
Лаңкестік құрбандарына қажылық мүмкіндігі

Сауд Арабиясы Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітке ұйымдастырылған террорлық лаңкестікте қаза тапқандардың жақындары және жарақат алғандарға қажылық міндетін өтеу үшін мүмкіндік берілетінін білдірді.

Сауд Арабиясының ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Король Сельман бин Абдулазиз аталмыш лаңкестіктерде қаза тапқандардың жақындары мен жаралылардан 200 кісіні елде қонақ қылатындарын хабарлады.

Аталмыш жарлық Сауд Арабиясының терроризммен күрес және осындай лаңкестіктерге ұшырағандардың отбасыларының жарасын жеңілдету мақсатымен басылатын қадамдар шеңберінде жарияланды.

Крайстчерч қаласындағы Нұр және Линвуд мешіттеріне биыл 15 наурыз күні террорист Брентон Таррант шабуыл жасап,  51 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар