Макрон Сербияда

Франция президенті ЕО-ның Сербияны мүшелікке қабылдау үшін реформа жасауы керектігін білдірді.

1236460
Макрон Сербияда

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа Одағының Сербияны мүшелікке қабылдау үшін реформа жасауы керектігін білдірді.

Макрон Сербияның бас қаласы Белградтағы ресми кездесулері шеңберінде кеше әріптесі Александр Вучичпен бас қосты.

Француз басшы Сербия сарайындағы бас қосудан кейін баспасөз мәслихатында сапарының мақсатының бірінің Сербиямен ортақ болашақ жоспарлау екенін айтты.

Макрон қол қойылған келісімдердің екі жақты қатынастарға жаңа өріс беретінін білдірді. Ол Сербияның Еуропаның үлкен бір елі екенін айтып: «Еуропа Одағы Сербияны мүшелікке қабылдау үшін реформа жасауы керек. Себебі Еуропа Одағы қазіргі 28 мүшесімен жақсы жұмыс істей алмай отыр. Одақ одан да жылдам және ықпалды шешімдер қабылдай алуы шарт» деді.

Сербия президенті Вучич те Еуропа Одағына мүшелік процесінде Франциядан қолдау сұрағандарын тілге тиек етті. Ол Франциядан 50 ракета сатып алатындарын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар