"Ғасырдың келісім" жоспарына қарсымыз

Ирак премьер-министрі Палестиналық әріптесімен кездесті.

1236350
"Ғасырдың келісім" жоспарына қарсымыз

Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехди елінің Палестина мәселесіне байланысты ұстанымының тұрақты екенін,  Америка Құрама Штаттарының «Ғасырдың келісімі» жоспарына қарсы шыққандарын білдірді.

Абдулмехди Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиемен Бағдатта бас қосты.

Ирак премьер-министрі Палестина делегациясымен өнеркәсіп, экономика және сауда салаларын талқылағандарын білдірді, Палестина күресінің өздерінің күресі екенін айтып,  Палестина халқының жанында болатындарын атап көрсетті.

«Ирактың Палестина тақырыбындағы ұстанымы өзгермеді. Аймақтағы елді мекен жобаларына қарсымыз.  Ғасырдың келісімі жоспарына да қарсы шықтық.  Осы жоспарды іске асырғысы келгендер де енді табысқа жетіп жетпейтініне күдікті» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар