Жер беті тұрғындары 10 миллиард болады

Тұрғын саны ең көп артатын құрлық – Азия.

Жер беті тұрғындары 10 миллиард болады

Жер бетіндегі халық санының 2055 жылы он миллиард,  ғасырдың аяғында да 11,2 миллиард болатыны болжалды.

11 шілде Әлем Тұрғындары күніне орай БҰҰ Тұрғын фонды деректеріне қарағанда, 2 мың жыл бұрын 300 миллион болған әлем тұрғындары бүгінгі күні шамамен 7,71 миллиардқа жетті.

UNFPA зерттеу қорытындысына қарағанда әлемде халық саны ең көп азайған он елдің Шығыс Еуропада екенін, осы елдер арасында Болгария, Литва және Молдова бар екенін білдірді.

Тұрғын саны ең көп артатын құрлық – Азия.

Әлем тұрғындарының бүгін шамамен 60 пайызы Азияда,  15 пайызы Африкада, 10 пайызы Еуропада, 8 пайызы Латын Америка және Карибтерде тұрады.

Қытай 1,42 миллиард халқымен, Үндістан да 1,37 миллиард халқымен әлемнің халық саны жағынан ең алдағы елдері. Қытай әлем тұрғын санының 19 пайызын, Үндістан 18 пайызын қалыптастырады.

Алайда 4 жылдан кейін Үндістан әлемнің халқы ең көп еліне айналады.

Халық тығыздығы ең төмен ел - 1 миллион 564 шаршы километрлік алаңда шамамен 3 миллион адам өмір сүретін Моңғолстан.

Әлемде халық саны ең аз аймақ – Австралия және Океания құрлығы.

Әлем халық саны 2055 жылы 10 миллиард болады деп есептеліп отыр. Болжамға қарағанда бұл сан ғасырдың аяғында 11,2 миллиардқа жетеді.

Әлемнің халық саны жағынан 17-ші кезегінде тұрған Түркияда болса тұрғын саны 2023 жылы 87 миллион, 2040 жылы болса 100 миллион адамға жетеді деп болжалуда.



Ұқсас жаңалықтар