Пакістандағы пойыз апатында 18 адам қаза тапты

Пәкістанда  жолаушы пойызы апатында 18 адам қаза тапты, 67  кісі жарақат алды

Пакістандағы пойыз апатында 18 адам қаза тапты

Пәкістанда  жолаушы пойызы апатында 18 адам қаза тапты, 67  кісі жарақат алды

Бейсенбі, 11 шілдеде таңертең Пәкістанда жолаушылар пойызы темір жол бойында тұрған жүк вагонына соғылып, кем дегенде 18 адам қаза тапты, 67 адам жараланды. Жергілікті полиция өкілі Хафиз Бугтидің сөзінше, жараланған үш жолаушының жағдайы ауыр.

Полиция басшысы Умер Саламаттың айтуынша, Лахор қаласынан Белужистан провинциясына бағыт алған пойыз Валхар теміржол станциясында апатқа ұшыраған. «Апат кесірінен үш вагон рельстен шығып, алғашқы бір вагон толық қираған» дейді Саламат.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан опатқа байланысты жасаған мәлімдемесінде «Пойыз апатында қаза тапқандардың туыс-туғандарына көңіл айтамын. Жарақат алғандарға жедел шипа тілеймін» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар