Қылмыс соғыстан да көп жан алады

Ең көп адам өлтіру Орталық Америкада байқалады.

Қылмыс соғыстан да көп жан алады

Адам өлтіру қылмыстары соғыстардан бес есе көп адам жанын алды.

БҰҰ Есірткі және қылмыс кеңсесінің есебіне қарағанда,  2017 жылы әлем бойынша 464 мың адам қылмысқа құрбан болған. Сол жылы соғыс пен қақтығыстарда 89 мыңнан астам адам қаза тапқан. 26 мың адам террорлық лаңкестік нәтижесінде ажал кұшқан.

Есепке қарағанда, адам өлтіру қылмысы құрбандары қарулы қақтығыс және соғыстарда қаза тапқандардан бес есе көп.

Әлем көлеміндегі адам өлтірушіліктердің 19 пайызы ұйымдасқан қылмыстардан туындайды. Ең көп адам өлтіру де Орталық Америкада байқалады. Орталық Америкада әрбір жүз мың адамның 62,1 пайызы қастандыққа құрбан болған.

Есепке қарағанда адам өлтіру көбіне Азия,  Еуропа, Орталық және оңтүстік Тынық мұхит елдерінде аз.



Ұқсас жаңалықтар