Венесуэла президенті БҰҰ Адам құқықтары рапортын сынға алды

Венесуэла президенті Мадуро Каракаста үнді текті бейбітшілік елшісі және рухани басшы Сри Сри Рави Шанкарды қабылдады.

1232732
Венесуэла президенті БҰҰ Адам құқықтары рапортын сынға алды

Венесуэла президенті Николас Мадуро БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссары Мичелле Вачелеттің елі туралы рапортының жалған ақпаратқа толы екенін атап көрсетті.

Венесуэла президенті Мадуро Каракаста үнді текті бейбітшілік елшісі және рухани басшы Сри Сри Рави Шанкарды қабылдады. 

Кездесудің артынан ұйымдастырған ортақ баспасөз жиналысында Бачелеттің рапортын қатаң сынға алды.

Мадуро «Аталмыш рапорт әрі манипуляциялық, әрі жалған мағлұматтарға толы» деді.

Николас Мадуро оппозициямен жаңа тур келіссөздері алдында жарияланған рапортты «империялық күштердің ықпалымен әзірленген» деп бағалады.

Венесуэла басшысы келіссөздерде ізгі ниетпен қозғалған жағдайда, мұндай операциялардың Венесуэлаға зиян беруінің мүмкін емес екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар