Нигерияда танкер жарылыды, 50 кісі мерт болды

Нигерияның Бенуи уәлаятында бір танкердің жарылуы салдарынан кемінде 50 адамның қаза тапқаны білдірілді.

1228914
Нигерияда танкер жарылыды, 50 кісі мерт болды

Нигерияның Бенуи уәлаятында бір танкердің жарылуы салдарынан кемінде 50 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Ұлттық ақпаратта шыққан хабарларға қарағанда уәлаят лауазымдыларынан Кристопер Ави жергілікті халықтың жарылған танкердегі бензинді босатып жатқан кезде анықталмаған себептен танкерде жарылыс болғанын айтты.

Ави:

"Танкердегі жарылыста қазірге дейін 50 кісінің мәйіті шығарылды. 70 адам да жараланды, көптеген адам да із-тозсыз кетті" деп көрсетті.

Жаралылардың емханаларға апарылғанын, маңайдағы үйлердің өртеніп күлге айналғанын білдірген Ави жарылыс апатына байланысты тергеу басталғанын атап өтті.

Сонымен бірге Бенуи уәлаятының полиция мәлімдемешісі аталмыш оқиғаны туралады, алайда мерт болған адамдарға байланысты мәлімет бермеді. 



Ұқсас жаңалықтар