Үндістанда піл шабуылында 2 кісі жан үзді

Үндістанның Чхаттисгарх уәлаятында бір пілдің шабуылына ұшыраған екі кісі қаза тапты.

1222283
Үндістанда піл шабуылында 2 кісі жан үзді

Үндістанның Чхаттисгарх уәлаятында бір пілдің шабуылына ұшыраған екі кісі қаза тапты.

Үндістан ақпаратында шыққан хабарларға қарағанда Чхаттисгарх уәлаятының Райгарх аймағында орман қорғаушы Мукеш Пандей мен ауылдық Рахия үйірінен айырылған бір пілдің шабуылына ұшыраған.

Орман қорғаушылардың айтуына қарағанда, орман арасында бір пілдің аралап жүргені хабарына орай ауылдықтарды ескертуге барған орман қорғаушы Пандейдің қайтар жолында пілмен жолығып қалғаны және пілдің аяғының астында езіліп жан бергені білдірілді.

Осы пілдің ауылда бір жаназадан қайтқан бес ауылдықты қуалағаны, төрт кісі қашып құтылғаны, бір кісіні пілдің езіп кеткені хабарланды. 

Лауазымдылар екі кісінің жанын алған пілдің аймақта бос жүргені себепті халыққа ескерту жасалуын дәріптеді.

 Үндістанның Чхаттисгарх уәлаятының солтүстігіндегі орманды аймақта пілдің шабуылы жиі болып тұрады.  


Этикеттер: #шабуыл , #піл , #Үндістан

Ұқсас жаңалықтар