Келісімге дайын емеспіз

Дональд Трамп елінің де,  Иранның да келісім жасауға дайын еместігін айтты.

Келісімге дайын емеспіз

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп елінің де,  Иранның да келісім жасауға дайын еместігін айтты.

Дональд Трамп Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің Иран мен АҚШ арасындағы келіспеушілікті азайту мақсатымен шыққан  Тегеран сапарына баға берді.

Абэнің Иранның діни басшысы Аятолла Әли Хаманеймен кездесу үшін осы елге барғанына риза болғанын білдірген Трамп: «АҚШ пен Иран арасында бір келісім туралы айтуға әлі ерте деп ойлаймын.  Олар да,  біз де дайын емеспіз» деді.

Трамп артынан Мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның Оман шығанағында Жапонияға бара жатқан екі танкерге жасалған шабуылға байланысты «Қолымыздағы ақпараттық мәліметтерге, шабуылды ұйымдастыру үшін қолданылған қарулар мен істің атқарылу кәсібилігіне қарағанда Иранның жауапты екенін көреміз» деген сөздері орын алған видеоны жариялады.

Жапония Экономика,  сауда және өнеркәсіп министрі Секо Жапонияға жүк тасыған екі мұнай танкерінің Хормуз бұғазы маңында шабуылға ұшырағанын жариялаған болатын.

Жапония премьер-министрі Абэ кемелерге шабуыл хабарын естіген кезде Хаманеймен кездесуде болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар