Абэ Иран мен АҚШ арасында дәнекерлік жасауда

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Иранның діни лидері Аятолла Хаманеймен кездесті.

1218656
Абэ Иран мен АҚШ арасында дәнекерлік жасауда

. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Иранның діни лидері Аятолла Хаманеймен кездесті.

     Иран мен АҚШ арасындағы дағдарысқа дәнекер болу үшін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Тегеранға сапарлай барған еді.

     Абэның Иран сапары жалғасқан кезде Оман Шығанағында  Жапонияға тиесілі екі мұнай танкерінде екі жарылыс болды. Екі кемедегі 44 қызметкер қауіпсіз жерге апарылды.

   Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф осы туралы мәлімдеме жасады. Зариф жарылыстың Абэнің Аятолла Хаманеймен кездесу барысында болғанына назар аударды.

    АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео шабуылға байланысты Иранды жауапкерлікке тартты. Тегеран әкімшілігі болса айыптаудың негізсіз екенін жариялады.

   АҚШ армиясы оқиғадан кейін бір видео жариялады. Видеода Иран төңкеріс қорғаушылардың танкерлерінің біреуінде жарылған бір минаның лақтырылғаны алға тартылды.

         Түркия да шабуылды айыптады.

    Танкерлердегі жарылыстан кейін әлем мұнай бағасы 4 пайыз өсті.



Ұқсас жаңалықтар