Украина Қырым татарларына жасалған қысымды айыптады

Украина Қырымда орыс қауіпсіздік күштерінің 8 татарды қамауға алғанын қатал түрде айыптады.

Украина Қырым татарларына жасалған қысымды айыптады

Украина Қырым татарларына жасалған қысымды айыптады.

Украина Қырымның бірқатар аймағында орыс қауіпсіздік күштерінің 8 татарды қамауға алғанын қатал түрде айыптады.  

Украина Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Қырымда татарларға қайтадан бастаған қысымдарға наразылық көрсетті.

Мәлімдемеде «Орыс қауіпсіздік күштері Қырымда Алушта,  Белогорск және Ақмешітте татар азаматтардың үйіне басқын жасады.Заңсыз қысымдарды қатал түрде айыптаймыз» деген сөздерге орын берілді.

Мәлімдемеде сонымен қатар Ресейдің Қырымда жасаған адам құқықтарына қайшы әрекеттерін аяқтатуы және тұтқындалған Украина азаматтарының қоя берілуі жөнінде үндеу тасталды.

 



Ұқсас жаңалықтар