Бүгін  - Бала еңбегін пайдаланумен күрес күні

Бұл датаны Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған.

Бүгін  - Бала еңбегін пайдаланумен күрес күні

Жер бетінде әрбір он баланың бірі жұмыс істейді.

Бүгін - Бала еңбегін пайдаланумен күрес күні.

Бұл датаны Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған.

БҰҰ-ға қарасты Халықаралық Еңбек ұйымының 2017 жылы жарияланған «2025 жылға дейін бала еңбегін жою: Саясат және бағдарламалардың қолданылуы» есебіне қарағанда әлем бойынша әрбір он баланың бірі жұмысқа салынған.

Жұмыс істейтін 5-17 жас аралығында шамамен 151,6 миллион бала бар. Осы балалардың 64 миллионы қыз, 88 миллионы ер бала. Балалардың 71 пайызы егіншілік саласында, 69 пайызы отбасының істерінде жұмыс істейді.

Бала жұмысшылардың 72,5 миллионы денсаулығына, қауіпсіздігіне және моральдық жетілуіне қауіп төндіретін салаларда жұмыс істейді.

Әлем бойынша жұмыс істейтін балалардың 72,1 миллионы Африка, 62,1 миллионы Азия және Тынық мұхит аймағы, 10,7 миллионы Америка құрлығы,  1,2 миллионы араб елдері,  5,5 миллионы да Еуропа мен Орталық Азияда.

Осы мәліметтерге қарағанда Африкада әрбір бес,  араб елдерінде әрбір 35, Еуропа және Орталық Азияда әрбір 25, Америка құрлығында әрбір 19, Азия-Тынық мұхит аймағында әрбір 14 баланың бірі жұмысқа жегілген.

Жұмысқа жегілген 151,6 миллион баланың шамамен жартысы 5-11,  42 миллионы 12-14, 37 миллионы 15-17 жас арасында.

БҰҰ-ның деректеріне қарағанда,  2000 жылы 245,5 миллион бала жұмысшы бар еді.  Бұл көрсеткіш 2016 жылы 151,6 миллион болды.



Ұқсас жаңалықтар