Идлиб аймағында қан төгілуде

Мамыр айындағы әуе және құрлық шабуылдарында 231 адам қаза тапты және  659 адам жарақат алды.

1216082
Идлиб аймағында қан төгілуде

Идлиб аймағында қан төгілуде.

Сирияда Асад режимі және Ресейге тиесілі соғыс ұшақтарының «Идлиб дағдарысты азайту аймағы» шекарасы ішіндегі елді мекендерге жасаған шабуылдарда 20 адам қаза тапты.

Азаматтық қорғаныс топтарынан алынған мағлұматтарға қарағанда кеше кешкі уақыттардан осы таңға дейін қаза тапқандар саны 20-ға ұласса, алдыңғы күні түннен осы таңға дейін қаза тапқандар саны 26-ға жетті.

Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб аймағы ішкі соғыстың басынан осы таңға дейін негізінен оппозициялардың қорғаны болды.

Азаматтық қорғаныс қайнар көздері Асад режимі, Иран қолдауындағы шетелдік террорист топтары және Ресейдің тек мамыр айындағы әуе және құрлық шабуылдарында 231 адамның қаза тапқанын, 659 адамның жарақат алғанын білдіруде.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар