44 әуежайдың аты өзгереді

Ресей президенті 44 әуежайдың есімін өзгертетін жарлыққа қол қойды.

1212060
44 әуежайдың аты өзгереді

Ресей президенті Владимир Путин 44 әуежайдың есімін өзгертетін жарлыққа қол қойды.

Осыған орай 44 әуежайға орыстың танымал тұлғаларының есімдері беріледі.

Жарлыққа сай, Мәскеудегі Шереметьево әуежайына Александр Пушкин, Домодедово әуежайына ғалым Михаил Ломоносов, Внуково әуежайына инженер Андрей Тополевтың есімдері қосылды.

Ресейдегі әуежайларға қосылатын есімдерді өткен жылы халық сауалнама арқылы анықтаған болатын.

Сауалнамаға 5,5 миллион азамат қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар