Мысыр президенті Сиси Сочи саммитіне қатысады

Ресей-Африка саммитіне Мысыр президенті Абдүлфеттах әс-Сисидің қатысатыны хабарланды.

1209939
Мысыр президенті Сиси Сочи саммитіне қатысады

Ресейдің Сочи қаласында алдағы қазан айында ұйымдастырылатын Ресей-Африка саммитіне Мысыр президенті Абдүлфеттах әс-Сисидің қатысатыны хабарланды.

Мысыр Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Сисидің Африка Одағының төрағасы ретінде 2019 жылы 24 қазан күні ұйымдастырылатын Ресей-Африка саммитіне қатысатыны білдірілді. 

Африка елдерінің лидерлері мен халықаралық ұйымдардың төрағалары қатысатыны айтылған мәлімдемеде саммитке Ресей президенті Владимир Путин мен Мысыр президенті Сисидің төраға болатыны білдірілді. 

Саммитте Африка құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтыған түрліше тақырыптардың талқыға түсетіні жеткізілді. 

Сонымен бірге, саммитте Ресей мен Африка елдері арасындағы ынтымақтастық, Судан мен Ливия  елдерінде болған соңғы оқиғалар да қолға алынуы күтілуде.  



Ұқсас жаңалықтар